Сайт бойынша іздеу
«Orhun» бағдарламасы

Orhun – TURKUNIB қауымдастығына мүше жоғары оқу орындары мен «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК арасында білім алушылардың академиялық алмасуын көздейтін бағдарлама.

«Орхун» бағдарламасына 2025 жылдың қазан айында қол қойылды. Бағдарламаның мақсаты – Кеңеске мүше жоғары оқу орындары арасында білім алушылар мен академиялық қызметкерлердің алмасуын жүзеге асыру (www.turkunib.org). Бағдарламаға қатысу шарттары:

  • оқу және жатын орын (тұру) тегін.
  • барлық басқа шығындарды студент өзі өтейді.

Қажетті құжаттар (ағылшын тілінде электронды түрде толтырылады):

  1. Сауалнама (1-қосымша)
  2. Форма бойынша студент туралы ақпарат (2-қосымша)
  3. Паспорттың түрлі-түсті көшірмесі
  4. 3 тілде транскрипт (қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде), Оқу бөліміне тапсырыс беріледі (440 кабинет)
  5. Orhun Exchange бағдарламасына қатысты қосымша ақпаратты http://turkunib.org/orhun/ сайтынан алуға болады.

Университеттер тізімі:

  • Kyrgyz-Turkish Manas University (оқыту қырғыз немесе түрік тілдерінде жүргізіледі)

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөліміне хабарласуыңызға болады.

Тел: +7 7172 798 597