Қазақ ұлттық хореография академиясының Жастар істері жөніндегі комитеті – бұл студенттердің мүдделерін білдіретін және Академияның жарқын, ғылыми, әлеуметтік және шығармашылық жобаларын іске асыру ісіне қатысатын белсенді шығармашыл жастардың бірлестігі.
2020 жылғы 10 қыркүйекте Академияда Zoom платформасында педагог-ұйымдастырушы А.У. Шаримовтың және 1 курс студенттерінің қатысуымен Жастар істері жөніндегі комитеттің жаңа оқу жылындағы алғашқы есептік-сайлау жиналысы өтті.
Жаңа оқу жылындағы алғашқы отырыста Жастар істері жөніндегі комитет пен бүкіл студенттер қоғамдастығы үшін ең өзекті мәселелер талқыланды:
Отырыс барысында Жастар істері жөніндегі комитеттің өткен оқу жылындағы жұмысы туралы есептер тыңдалды, 2020-2021 оқу жылына өнер факультеті арт-менеджмент мамандығының арт19-1 тобының 2 курс студенті Султанбай Арман Жастар комитетінің төрағасы және өнер факультеті арт-менеджмент мамандығының арт-20-½ тобының 2 курс студенті Солтанбек Айжан төрағаның орынбасары болып сайланды. Талқылаудан кейін Жастар комитетінің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілді, сондай-ақ бекітілген жоспардың жауапты тұлғалары және іске асыру мерзімдері белгіленді.
Кездесу қорытындысы бойынша Жастар істері жөніндегі комитеттің жұмысын онлайн форматта ұйымдастыру, студенттердің тәрбие және әлеуметтік мәселелер бөлімімен, кафедралармен және факультеттермен кері байланысы, сонымен қатар Академияның жастар саясатын іске асыруға Жастар комитетінің қатысуы аясындағы студенттердің өзекті сұрақтары талқыланды.