Сайт бойынша іздеу
Академия педагогі Гонконгта халықаралық шеберлік сабақтарын өткізді

2026 жылғы 28 ақпан мен 8 наурыз аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясының кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Раушан Төлегенова Гонконг қаласында (ҚХР) халықаралық шеберлік сабақтарын өткізді.

Шеберлік сабақтары Jean M. Wong School of Ballet балет мектебінің студенттері мен педагогтеріне арналды. Кәсіби әрі мәдени тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.

Сабақ барысында Раушан Төлегенова студенттер мен оқытушыларды классикалық биді оқыту әдістемесінің ерекшеліктерімен, орындау техникасымен және А.Я. Ваганова жүйесінің көркемдік қағидаларымен таныстырды.

Гонконгта өткен шеберлік сабақтары Jean M. Wong School of Ballet балет мектебі студенттерінің орындаушылық шеберлігін дамытуға, олардың шығармашылық тәжірибесін кеңейтуге және хореографиялық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.