Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясының педагогі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының құрмет белгісімен марапатталды

Қазақ ұлттық хореография академиясының педагогі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының құрмет белгісімен марапатталды.

Қазақ ұлттық хореография академиясы хореография факультеті деканының орынбасары, аға оқытушысы Евгений Моисеев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының «Мәдениет пен өнерді дамытудағы еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапатталды.

Құрмет белгісімен ұлттық және халықаралық мәдени кеңістіктің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері марапатталады.

Евгений Моисеев шығармашылық ортаны қалыптастыруға, жоғары білікті мамандар даярлауға, хореография өнерін дамытуға және халықаралық мәдени ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.