Салтанатты жиын 1 қыркүйек күні Қазақ ұлттық хореография академиясында өтті. Биыл хореография академиясында 41 оқушы бірінші сынып партасына отырады.
Салтанатты шараға 1 және 5 сынып оқушылары, педагогтар мен академия басшылығы қатысты. Академия ректоры Алтынай Асылмұратова оқушылар мен педагогтарды Білім күнімен құттықтады.
Балалар білім және мектеп туралы өлеңдер айтып, мұқият оқуға уәде берді. Іс-шара соңында бірінші сынып оқушыларына Әліппе тапсыру рәсімі өтті.