2020 жылдың 15 маусымынан 15 шілдесіне дейін магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізілуде.
Ағымдағы жылы түсушілер өтініштерін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (testcenter.kz) онлайн тіркейді.
- Өтініш беру үшін түсуші алдымен egov.kz сайтында («Мобильді азаматтар базасында») телефон нөмірінің тіркелгенін тексеріп, тіркелмеген болса, сол жерде (бейнеқоңырау арқылы) тіркеледі.
- Содан кейін div.gov.kz сайтында DIGITAL ID-сандық төлқұжат жасауы қажет (жеке басын растайтын құжат).
- Сандық төлқұжатты жасағаннан кейін түсуші pvo-zayav.testcenter.kz сайтына өтіп, қажетті деректерді толтырып, тіркелуі керек.
Кешенді тестілеуге төлем тіркелу кезінде сайтта онлайн жасалады.
Кешенді тестілеуге қатысу құны – 8292 теңге.