Сайт бойынша іздеу
Тереңнен толғаған термеші

2026 жылғы 23 қаңтарда Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Сәттіғұл Жаңғабылұлының 150 жылдығына арналған «Тереңнен толғаған термеші» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Кеште ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде баяндама оқылып, колледж студенттері мен оқушылар ақынның жырлары мен дастандарын жатқа оқыды, бірнеше термелері тыңдалды.

Бұл тағылымды басқосу ұлттық рухты нығайтып, жас ұрпақтың рухани-мәдени танымын кеңейтті.