Академия білім алушылары Астана күніне арналған мерекелік концерт дайындады. Бағдарламаға «Хореография» факультетінің және кәсіптік білім беру мектеп-колледжі студенттерінің орындауында Академияның ұлттық репертуарларының нөмірлері кірді. Қазақ ұлттық хореография академиясы барлық қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтайды! Жас және өркендеуші Нұр-Сұлтан қаласы әрқашан Тәуелсіз Қазақстанның символы болсын.
Бағдарлама:
Сайраш. «Қиял». А. Садықованың хореографиясы
Күй «Сары өзен». «Ыңғай төк». М. Тлеубаевтың хореографиясы
Қ. Шілдебаев. «Тамыр». А. Садықованың хореографиясы
Н. Тілендиев. «Аққулар». А. Садықованың хореографиясы
«Хассақ» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өңдеуінде және орындауында халық әуені. «Бастау» атты хореографиялық қойылым. А. Садықова және А. Шәмшиевтің хореографиясы.