2025 жылғы 10 желтоқсанда сағат 10:30-да Қазақ ұлттық хореография академиясының Оқу театрында, сондай-ақ сағат 14:30-да «Астана Опера» театрының мәрмәр залында сыншы, балеттанушы, «Қазіргі хореография орталығы» ҚҚ директоры, «Құрмет» орденінің иегері Флюра Мусинаның кітабының тұсаукесері өтеді.
Кітап алғаш рет кең ауқымды оқырманға ұсынылады. Онда балет өнерінің көрнекті қайраткері, «Достық» орденінің иегері, РКФСР-дың еңбек сіңірген әртісі, «Астана Опера» театрының педагог-репетиторы Константин Заклинскийдің өмірі мен шығармашылығы туралы айтылады.
Академияда тұсаукесер оқытушылар мен білім алушылардың қатысуымен өтсе, «Астана Операда» театрдың балет труппасы үшін өз педагогтеры туралы қызықты мәліметтер алу мүмкіндігі ұсынылады.