15 наурыз күні академия қабырғасында «Астанаға арнау» вокалдық жинағының тұсаукесері өтеді. Авторы Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қазақ ұлттық хореография академиясының докторанты Айсұлу Тәни. Шара сағат 15:00-де акт залында өтеді. Жинақтағы әндерді сахнада «Астана Опера» театрының, Халықаралық опера академиясының солистері мен «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері орындайды.