2025 жылғы 17 қарашада Академия кітапханасында READx жобасы аясында Анатолий Приставкиннің «Ночевала тучка золотая» повесін талқылау өтті.
Іс-шараға 9 «Б» сыныбының оқушылары қатысып, шығарманың негізгі тақырыптары мен ой-түйіндерін талқылауда белсенділік танытты. Кездесудің спикері ретінде 9 «Б» сыныбының оқушысы Диана Оспанова сөз сөйледі. Ол пікірталасты бағыттап, шығарма бойынша өз ойларымен бөлісті.
Бұл шара оқушылардың оқу мәдениетін және аналитикалық ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етті.