Қазақ ұлттық хореография академиясының профессор-оқытушылар құрамы «Орталық Азия халықтарының мәдени келешектері» І Халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы келісім аясында ұйымдастырылған ірі іс-шара ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Өзбекстанның Мемлекеттік Хореография Академиясында өтті.
Қазақстандық педагогтармен бірге конференцияға Мәскеу мемлекеттік хореография академиясының, Белорус мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің, оқу орнының ректоры Шухрат Тохтасимов бастаған Өзбекстан Мемлекеттік Хореография академиясының өкілдері қатысты. Халықаралық конференцияның құрметті қонағы КСРО Халық әртісі, профессор Бернара Кариева болды.
«Орталық Азия халықтарының мәдени келешектері» І Халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференциясының атақты қатысушыларының алдында ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры Ізім Тойған Оспанқызы баяндама жасады.
Сонымен қатар, баяндама жасап, сөз сөйлегендер:
Халықаралық конференция қорытындылары бойынша өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде мақалалар жинағы шығарылады, жинақта Қазақ ұлттық хореография академиясының Ғылыми жұмыс және стратегиялық даму директоры Жанна Женисовна Толысбаеваның ғылыми мақаласы да жарияланатын болады.