Сайт бойынша іздеу
Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін дамыту

Қазақ ұлттық хореография академиясының Жастар істері жөніндегі комитеті – бұл студенттердің мүдделерін білдіретін және Академияның жарқын, ғылыми, әлеуметтік және шығармашылық жобаларын іске асыру ісіне қатысатын, сондай-ақ Қазақстан студенттері альянсымен және «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп жұмыс істейтін белсенді шығармашыл жастардың бірлестігі.

2020 жылғы 23 қазанда М.С. Нарықбаев атындағы Қазақ заң университетінде Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орындарының Жастар істері жөніндегі комитеттері төрағаларының және «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Э.С. Бейсенбаевтың қатысуымен «Жастардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту» тақырыбында ашық пікірталас өтті.

Кездесуде жастар үшін өзекті мәселелер қарастырылды:

– Жоғары оқу орындарында жылдық оқу құнының негізсіз ұлғаюы;

– ЖОО жатақханаларының жағдайы;

– Волонтерлік қозғалыс жұмысы туралы мәселе;

– Жоғары оқу орындарының тарапынан жастардың өзін-өзі басқару органдарына қолдау көрсету мәселесі.

Кездесу сұхбат форматында өткізілді. Студенттерді алаңдататын сұрақтар бойынша жауаптар берілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары мен қатысушылары арасында жақсы пікір алмасу болды.