Сайт бойынша іздеу
Республика күніне орай Қазақ ұлттық хореография академиясының 14 қызметкеріне жаңа пәтерге сертификаттар табысталды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Республика күнін мерекелеу күні Академияның 14 қызметкері өз баспаналарын алуға мүмкіндік алды. Жаңа пәтер иелері арасында интернат, кәсіптік білім беру мектеп-колледжі, кітапхана, бухгалтерия, халықаралық ынтымақтастық бөлімі, оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау қызметі, концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімі, инженерлік бөлім қызметкерлері бар.

Тапсыру рәсімін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өткізді. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында бұл бастама маңызды әлеуметтік мәселелерді шешіп қана қоймай, мемлекеттің мәдениет және білім беру қызметкерлерін қолдауға баса назар аударады.

Әріптестерімізді осы қуанышты сәттерімен құттықтаймыз! Жаңа үй жаңа жетістіктерге шабыт пен күш берсін!