2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберілетін талапкерлерді іріктеу жөніндегі Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы жарияланды.
2023 жылдың 15 қарашасында Қазақ ұлттық хореография академиясында 2023-2024 жылғы көктемгі семестрге академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға жіберуге үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырысы өтті.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен студенттердің тізімі анықталды:
Ықыласова Ажар, «Өнер менеджменті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті. Өмірзақова Дана, «Өнер менеджменті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті. Чериязданова Аянур, Өнер менеджменті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті. Темірханова София, «Өнертану» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті.