Сайт бойынша іздеу
Ата-аналар комитетінің өкілдері Академиядағы тамақтанудың ұйымдастырылуын тексерді

2026 жылғы 18 қыркүйекте Қазақ ұлттық хореография академиясының асханасында ата-аналар комитеті өкілдерінің диетологпен және асхана қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес тамақтануды ұйымдастыру сапасын бақылау және санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын тексеру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында ата-аналар комитетінің өкілдері тамақтануды ұйымдастыру үдерісімен танысып, дайын өнімдерге бракераж жүргізуге қатысты. Ата-аналар тағамдардың шығымы мен калориялығының белгіленген нормаларға және бекітілген мәзірге сәйкестігін тексеріп, дайын тағамдардың сапасын бағалады, сондай-ақ асхананың санитариялық жағдайымен танысты.

Мұндай іс-шараларды өткізу тамақтануды ұйымдастырудың ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Академия білім алушыларына ұсынылатын тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтауға ықпал етеді.