Құрметті ардагерлер, әріптестер, серіктестер және достар! Қазақ ұлттық хореография академиясы сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды! Ардагерлердің өлшеусіз әрі ұмытылмас ерлігі арқасында көптеген ұрпақтар Қазақстан жерінде бейбіт өмір сүріп, өсіп-өркендеуде. Олардың батырлығы, төзімділігі мен жанқиярлығы тарихта мәңгілік сақталып, шынайы отансүйгіштіктің үлгісі болып қала береді. Ұлы Отан соғысы қазақстандық отбасылардың тағдырына терең із қалдырды. Әр отбасында – өз батырлары, өз ерлік пен рух күшінің тарихы бар, олар ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жеткізілуде. Бейбітшілік – Қазақстан халқы үшін ең үлкен байлық. Біздің замандастарымыз бен олардың ұрпақтары соғыстың сұмдығын ешқашан көрмесін, ал еліміздің аспаны әрдайым ашық болсын. Сіздерге зор денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр және жан жылуын тілейміз. Ұлы Жеңіс туралы естелік баршамызды біріктіріп, тарихымызға деген құрмет пен бірлігімізді нығайта берсін. Қазақ ұлттық хореография академиясы