Сайт бойынша іздеу
Science Cafe-де Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сәкен оқулары» мәнерлеп оқу байқауы өтті!

Студенттер ұлы қазақ жазушысының шығармаларын шынайы ықыласпен орындап, көрермендерді оның сөз өнеріне және бірегей әлеміне терең бойлатты. Қатысушылар Kahoot платформасындағы интерактивті викторинаға қатысып, өз білімдерін сынап көрді.

Байқау жеңімпаздары: 1 орын — Хусаинова Диана және Маканова Инкар, 1 курс студенттері (арт-менеджмент), «Аққудың айырылуы» шығармасымен. 2 орын — Турарова Арайлым Мадиевна (арт-менеджмент, 1 курс), «Туған жерім – өз елім» шығармасымен. 3 орын — Бекназар Сүндет (өнертану), «Ел ішінде» шығармасымен. Барлық қатысушылар Сәкен Сейфуллиннің есімін мәңгі есте қалдыруға қосқан үлестері үшін дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.