Сайт бойынша іздеу
ҒЫЛЫМИ КАФЕ: «ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ: ҒЫЛЫМ МЕН САХНАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АРАСЫНДА»

Академияда заманауи қуыршақ театрының өзекті мәселелеріне арналған Science café форматындағы кезекті іс-шара өтті.

Іс-шараның спикері «Өнертану» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Сабит Ақжол болды. Ол өз баяндамасында қуыршақ театрын ғылыми талдау мен сахналық тәжірибенің тоғысында қарастырылатын пәнаралық құбылыс ретінде сипаттады. Қуыршақ театры формаларының эволюциясы, театр қуыршақтарының типологиясы, сондай-ақ актер мен қуыршақ арасындағы өзара әрекеттестік ерекшеліктері талқыланды.

Іс-шараның құрметті қонағы – ҚР «Мәдениет қайраткері», «Білім беру ісінің үздігі», ҚазҰӨУ доценті Мақұлбеков Серік Сейсенбайұлы болды. Ол өз сөзінде Қазақстандағы қуыршақ театрының қалыптасу кезеңдері, даму ерекшеліктері және бүгінгі өзекті мәселелері туралы баяндап, кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара жоғары көрнекілікпен және аудиторияның белсенді қатысуымен өтті. Қонақ ретінде Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Қуыршақ театрының актері» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері шақырылып, бірнеше қысқа сахналық қойылымдар ұсынды. Көрсетілген этюдтер қуыршақ театрының көркемдік мүмкіндіктерінің алуан түрлілігін және актерлік шеберліктің ерекшеліктерін айқындады.

Практикалық бөлім Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры актерлері ұсынған түрлі қуыршақ түрлерінің көрсетілімімен толықтырылды. Қатысушылар қуыршақтардың құрылымдық және көркемдік ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың сахналық процестегі қызметін талдауға мүмкіндік алды.

Аталған іс-шара жас зерттеушілер, білім алушылар және тәжірибелі әртістер арасындағы кәсіби диалог алаңына айналып, қуыршақ театрының ғылыми білім мен көркемдік тәжірибені біріктіретін синтетикалық өнер түрі ретіндегі мәнін тереңірек түсінуге ықпал етті.