Қазақ ұлттық хореография академиясында арнайы пәндер оқытушысы, «Құрмет» орденінің иегері Людмила Макарцеваға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Бүгін, 17 қазан күні, Людмила Викторовна өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтуде. Құттықтау сөздерін ректор Бибігүл Нүсіпжанова, әріптестері мен шәкірттері арнады, бейнеқұттықтаулар көрсетілді.
Людмила Викторовна – тек ұстаз және балет әртісі ғана емес, сонымен қатар бірнеше буынды шабыттандырған тәлімгер. Ол би үйретумен қатар, шәкірттерін музыканы сезінуге, сахнаны түсінуге, өз-өзін тануға баулиды.
Оның кәсіби өмірі балет өнерімен тығыз байланысты. Сала бойынша білім алып, түрлі курстардан өткен соң, Людмила Макарцева балет әртісі ретінде еңбек жолын Днепропетровск опера және балет театрында бастады. Кейін Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі атанды.
Оның репертуарында классикалық қойылымдардағы рөлдер бар: Мария («Бақшасарай субұрқағы»), Дриадалар патшайымы, құрбылар («Дон Кихот»), Марья-көркем («Жалын құс»), Поповна («Орыс ертегісі»), құрбылар, екінші актідегі виллистің жұбы («Жизель»), pas-de-trois, кішкентай аққулар («Аққу көлі»), сондай-ақ балет өнерінің алтын қорынан басқа да партиялар.
Классикалық репертуардан бөлек, Макарцева балет пен опера қойылымдарында, концерттік бағдарламаларда халық-сахналық билерді де орындады.
Сахналық қызметін аяқтаған соң, Людмила Викторовна педагогикалық қызметке бет бұрды. Ол классикалық биден сабақ беріп, А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде арнайы пәндер бөлімінің әдіскері болып еңбек етті. 2016 жылдан бері Қазақ ұлттық хореография академиясында дәріс беріп келеді. Осы уақыт ішінде оның шәкірттері халықаралық байқаулардың лауреаттары атанып, Қазақстан мен шетелдік балет труппаларында жетекші орындарға ие болды.
Людмила Викторовнаның еңбегі мемлекеттік марапаттармен атап өтілді:
Академия ұжымы Людмила Макарцеваны шын жүректен мерейтойымен құттықтайды!
Сізге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, алғыс білдіретін талантты шәкірттер тілейміз!