2025 жылғы 23 сәуірде Казахская ұлттық хореография академиясында Уильям Шекспирдің туған күніне арналған танымдық-интеллектуалды кеш өтті. Іс-шара 462-аудиторияда сағат 10:30-да басталып, өнер мен әдебиетті сүйетін студенттер мен оқытушыларды бір арнаға тоғыстырды.
Кешті өнер факультетінің аға оқытушылары — Абдрахманов Б.С. және Хасамбай К.Р., сондай-ақ өнертану білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттері ұйымдастырды.
Іс-шара барысында студенттер Шекспирдің шығармашылығына шолу жасап, оның драмалық мұрасының қазіргі мәдениеттегі орны туралы ой бөлісті. Кеш форматында көркем сөз оқылымдары, интеллектуалды сұрақ-жауап сайыстары және шығармашылық импровизация элементтері қамтылды. Белсенді қатысушылар мен көрермендер театр өнеріне деген қызығушылықтарын тағы бір мәрте көрсетті.
Кеш соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, мұндай мәдени шаралар студенттердің эстетикалық талғамын арттырып, театр мен әдебиетке деген сүйіспеншілігін тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті.