2022 жылдың 15 қыркүйегінде Академияның Жастар істері жөніндегі комитетінің биылғы бірінші отырысы бірінші курс студенттерінің қатысуымен өтті. Жиналысқа тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі директор А. Алишева, педагог-ұйымдастырушы А. Каженова, сондай-ақ «Арт менеджмент» мамандығының студенттік активінің 3 курс студенттері Али Батхан, Айдана Сембекова қатысты. Жиналыста студенттердің белсенділігі, өткен оқу жылындағы ЖІК жұмысының қорытындылары, студенттердің республиканың, академияның волонтерлер қозғалысы мен қоғамдық қызметіне қатысуы туралы айтылды.
Жиналыс барысында ЖІК-тің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланды. Бірінші курс студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, академия студенттерінің активіне кіріп, волонтерлер жобаларында жұмыс істеуге, студенттердің өзін-өзі басқаруын дамытуға қызығушылық танытты және жыл сайынғы дәстүрлі «Студенттер қатарына қабылдау» іс-шарасын өткізуге дайындық жоспарын жасады.