Сайт бойынша іздеу
Ұстаздар күні құтты болсын!

Қазақ ұлттық хореография академиясы барша ұстаздар мен білім беру саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды!

Ұстаз – білім мен тәрбиенің шамшырағы, шәкіртке бағыт-бағдар беріп, оның тұлға болып қалыптасуына жол ашатын ардақты жан. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, даналықтарыңыз бен өз ісіңізге деген адалдықтарыңыз еліміздің зияткерлік және рухани әлеуетін арттыруға зор үлес қосып келеді.

Жас ұрпақтың бойына білім мен адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, олардың қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту жолындағы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс және шығармашылық шабыт тілейміз! Шәкірттеріңіздің әрбір жетістігі мерейлеріңізді үстем етіп, абыройларыңызды асқақтата берсін!