Сайт бойынша іздеу
Степногорск қаласындағы аАадемияның Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған концерті

2024 жылдың 29 қазанында Степногорск қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған концерт өтті. 2025 жылы Ассамблея халықтар арасындағы достықты, келісім мен өзара түсіністікті дамытуға өз ықпалын тигізе отырып, елімізде тұратын 130-дан астам этностың өкілдерін қолдап, олардың бірлігін нығайтуға қосқан маңызды үлесінің 30 жылдығын атап өтеді.

Концерт бағдарламасында көрермендер әлем халықтарының жарқын және темпераментті билерін, заманауи хореографияның терең және эмоционалды композицияларын, сондай-ақ әсерлі, әсем спорттық бал билерін тамашалады. Түрлі стильдердің қосылуы әр этностың біздің ортақ мұрамызға қосқан мәдени байлығын ерекше атап өтті.

Концерт бағдарламасын факультет педагогтары А.Н. Тургунбаева, Е.С. Моисеев, А.А. Садықова, А.Ш. Шәмшиев, А.Б. Абакаева, Г.Ю. Саитова дайындады. Өнер көрсетудегі басты мақсаты – студенттердің шығармашылық жетістіктерін көрсету, көрермендерге жылы және қуанышты атмосфера сыйлау, сондай-ақ хореография өнері мен білімін насихаттау.

Айта кететін жайт, Степногорск қаласына гастрольдер жыл сайынғы дәстүрге айналды, ал студенттеріміздің алдыңғы өткен қойылымдары көрермендер тарапынан жоғары бағаланып, олардың шеберлігі мен еліміздің болашағына қосқан мәдени үлесін айқындады.