Сайт бойынша іздеу
Будапешттегі үздіктер финалында Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті 3-орын алды

2025 жылғы 17–21 қараша аралығында Венгрия би университетінде (Будапешт, Венгрия) жас орындаушылардың халықаралық байқауы Budapest Ballet Grand Prix 2025 (бұдан әрі – BBGP2025) өтті. Қазақ ұлттық хореография академиясын колледждің 1-курс студенті Әбілмансұр Сырманов таныстырды. BBGP2025 байқауының мақсаты – талантты жас бишілер мен би өнері мамандарын анықтау, қолдау және олардың кәсіби дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ халықаралық би сахнасында өнер көрсетуге және тәжірибе алуға мүмкіндік беру. Халықаралық беделді қазылар алқасы Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті Әбілмансұр Сырмановқа барлық қатысушылар арасында Junior санатындағы 3-орынды тағайындады. Жалпы BBGP байқауына 21 елден 77 қатысушы қатысты. Айта кету керек, байқауда ерлер және әйелдер орындауында болып бөлінбеді, сондықтан бәсеке деңгейі өте жоғары болды. Сонымен қатар, Әбілмансұр Сырманов «оның ерекше таланты мен өнерге адалдығын мойындау белгісі ретінде» көптеген арнайы марапаттарға ие болды: • 2026/27 оқу жылына Венгрия би университетінің «Би әртісі» бакалавриат бағдарламасына 100% грантпен оқуға шақыру; • Марио Радачовскийден Брно қаласындағы (Брно, Чехия) Еуропалық би сайысына 100% грантпен қатысуға арнайы сыйлық; • Норвегия ұлттық балетінің 2-труппасында бір апталық тағылымдамадан өтуге шақыру; • Земпера операсының (Дрезден, Германия) көркемдік жетекшісі Кинсун Чаннан Semperoper балетінде бір апталық тағылымдамаға шақыру. Байқауға дайындық классикалық би педагогы Әсет Мұрзақұловтың жетекшілігімен жүргізілді. Қазақ ұлттық хореография академиясы барлық педагогикалық ұжымды және осы жетістігімен Әбілмансұр Сырмановты құттықтайды. Денсаулық, шабыт және алдағы сындарда зор жетістіктер тілейді. Будапештегі осы сапар «Балет өнерін дамыту және қолдау қоры» ҚҚ -нің жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болды.