2025 жылғы 25 сәуірде сағат 11:30-да 415 оқу театры қайтадан сиқыр, шабыт және нағыз шоудың орнына айналды. Біздің жыл сайынғы Uncover Show биылғы жылы «Таланттар эфирде!» ұранымен өтті және аты аңызға айналған America' s Got Talent-тен шабыт алды. Айта кететін жайт — біздің қатысушылар әлемдік жұлдыздардан кем түспейді!
Көрермендерге қуаныш, күлкі, таңданыс және шынайы шабыт беру үшін колледждің, бакалавриат пен магистратураның жарқын өкілдері сахна төріне шықты. Бұл жай ғана концерт емес еді – бұл әр қатысушы шынымен жарқырайтын шоу болды!
Көрермендер әртістердің әрқайсысын ерекше қуанышпен қабылдады:
Әр қойылым вокалдық және би нөмірлерінен бастап түпнұсқа жанрларға дейін нағыз жаңалық болды. Залдағы энергия керемет болды, ал көрермендер ұзақ қол соғып қошемет көрсетті.
Uncover Show 2025 жанымызда осындай таланттар бар екенін тағы бір рет дәлелдеді және болашақ жұлдыздардың саяхаты дәл осы сахнада басталған шығар!
Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және көрермендерге рахмет! Келесі кездескенше!