Сайт бойынша іздеу
Шығыс биін оқыту теориясы мен әдістемесі

2025 жылғы 22 қарашадан бастап Қазақ ұлттық хореография академиясында орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқытушылары үшін көлемі 72 сағат «Шығыс биін оқыту теориясы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары басталады. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының тізбесіне енгізілген.

Курс педагогы – Саитова Гульнара Юсуповна, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, профессор, «ЖОО үздік оқытушысы – 2020» байқауының жеңімпазы, Өзбек ұлттық хореография академиясының құрметті профессоры, оқулықтар мен монографияларды қоса алғанда, Шығыс халықтарының биі бойынша 90-нан астам еңбек авторы.

Құны 50 000 теңге.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 798582, 87784346365.