2026 жылғы 27 ақпанда Қазақ ұлттық хореография академиясы конференц-залында онлайн форматта «Түркі халықтарының төл би мәдениетін сақтаудағы бірлігі» тақырыбында халықаралық телекөпір өтті.
Хореография факультеті ұйымдастырған халықаралық ғылыми телекөпір Академияның 10 жылдығына арналды.
Іс-шараның мақсаты – ғылыми ынтымақтастықты талқылау және нығайту, сондай-ақ түркі елдерінің өкілдерін түркі халықтарының төл би мәдениетін сақтау, зерттеу және дамыту бағытында біріктіру.
Телемост қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағын шығару жоспарлануда.
Телекөпірге Академияның серіктестері – шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Спикерлер қатарында Баку хореография академиясы, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясы, Қазан мемлекеттік мәдениет институты, Б. Бейшеналиева атындағы Қырғыз ұлттық мәдениет және өнер университеті, сондай-ақ З. Исмаилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институтының өкілдері сөз сөйледі.