Сайт бойынша іздеу
Клод Моне шығармашылығы Академияда

«Өнертану» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Гүлнұр Имантай педагогикалық практика аясында импрессионизм бағытындағы негізін қалаушылардың бірі Клод Моне өмірі мен шығармашылығына арналған авторлық дәріс пен шеберлік сағатын өткізді.

Дәріс барысында қатысушылар суретшінің өмірбаянымен, оның шығармашылық ізденістерімен және бейнелеу өнеріндегі импрессионизм бағытының дамуына қосқан үлесімен танысты.

Іс-шараның практикалық бөлігі шығармашылық шеберлік сабағы түрінде өтті: әрбір қатысушы импрессионизм техникасында өз шабыттарына сай туынды жасады — ол пейзаж, натюрморт немесе күнделікті өмір көрінісі болуы мүмкін.

Бұл іс-шара эстетикалық талғамды, көркемдік ойлау қабілетін және сурет салу машықтарын дамытуға ықпал етіп, қатысушыларға импрессионизм арқылы өнер әлемін сезінуге мүмкіндік берді.