Хореография факультеті 3 қазан күні сағат 11.00-де барлық ниет білдірушілерді хореография факультетінің жетекші оқытушыларының қатысуымен өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күніне арналған онлайн кездесуге шақырады. Кездесу қонақтары:
Кездесу барысында оқытушылар шығармашылық жолдарында аса жомарттықпен өз білімдерімен бөліскен, өмірлерінде ұмытылмас із қалдырған, шәкіртке деген риясыз махаббаттарын төге білген ұстаздары туралы шексіз ризашылықпен еске ала отырып, әңгіме шертпек.
Кездесуіміз көптеген буын әртістері үшін Қазақстандағы кәсіби балет мектебінің алғашқы ұстазы болған Александр Владимирович Селезнев туралы әңгімеден басталады.
Кездесу модераторы – Құрмет орденінің кавалері, режиссура кафедрасының доценті Мусина Флюра Борисовна.