Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары Sophia Ballet Academy 20 жылдығына арналған концертке қатысты. Концерт Токиода, Тамашин Рисуру залында өтті.
Академия студенттері он нөмір, оның ішінде классикалық балеттен үзінділерді, сондай-ақ екі қазақ биін орындады. Жалпы концерт 4 бөлімнен және 25 нөмірден тұрды.
Н. Тілендиевтің музыкасына қойылған «Аққу» биін академияның тыңдаушысы Кейна Накаджима орындаса, «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әуеніндегі «Балбөбек» биін колледж студенттері Алина Зырянова, Камила Шахманова мен Еркін Базарбаев сахналады.