Сайт бойынша іздеу
ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК – ТАБЫС КІЛТІ

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» халықтың еңбекке деген сүйіспеншілігін дәріптеу және еңбек адамына деген құрметті арттыру мақсатында еңбек етуде бар күш-жігерін босқа сарп етпей, өмірде кездескен түрлі қиындықтарға мойымаған әрі қоғамға пайдасын тигізген тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты флаерлер (инфографикалар) дайындау жобасын ұйымдастырады.

Мақсаты: ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылында әр салада қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарын, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын тарату арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті насихаттау, жастарға үлгі ету.

Қажырлы еңбектің арқасында көрнекті жетістікке жеткен тұлғалардың еңбек салалары: – білім беру;

– ғылым;

– медицина;

– мәдениет;

– ауыл шаруашылығы;

– өнеркәсіп.

Көрнекті жетістіктің белгілері: – қоғамға және адамзатқа пайдасын тигізетін шәкірт тәрбиелеу, ұрпаққа мұра қалдыру;

– өз еңбек саласын республикалық, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ету;

– ғылымда, өндірісте жаңалық ашу.

Қажырлы еңбектің белгілері: – ұзақ жыл бір салада еңбек ету;

– өмірде және еңбекте кездескен түрлі қиындықтарға мойымау;

– кәсіби біліктілгі мен дағдыларын және уақытын тиімді пайдалануға бағыттау;

– еңбек жолында қайсарлық, қайраттылық, табандылық таныту.

Қатысу шарттары:

  1. Тұлғалардың кандидатурасын үшінші тараптан Instagram желісіндегі өз парақшасында ұсынады. Ұсынылатын тұлғалардың жасына шек қойылмайды.
  2. Қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 23 наурызға дейін.
  3. Тұлғаларды ұсыну жарияланымында (пост) #қажырлыеңбек және #выдающийсяуспех хештегтерін қолдану міндетті.
  4. Тұжырымдаманың белгілеріне сай іріктелген тұлғалар туралы инфографикалар дайындалады.
  5. Тұлғалар туралы ақпараттар Ruh.kz, Kipd.kz сайттарында және Instagram парақшаларында жарияланады.