21 мамырда еліміздегі мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі атап өтілді. Атаулы күн 2013 жылдан бастап тойланып келеді. Осындай елеулі мейрамды Қазақ ұлттық хореография академиясы салтанатпен атап өтті. Соның ішінде мәдениет саласына өлшеусіз үлес қосып жүрген қызметкерлерді құттықтап, Астанаға іскер әйелдер форумына жиналған еліміздің ең белсенді нәзік жандылары академияға арнайы бас сұғып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысқан болатын.
Балет өнерінің қайталанбас ерекшелігіне таңырқай қараған қонақтарға академия тәрбиленушілері ең үздік туындыларын ұсынып, биден шашу шашты. Қонақтардың ықылас-ниеттеріне алғыс білдіріп, ректор Бибігүл Нұрғалиқызы жиналған көпшілік алдында, ұжымды мəдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың атынан «Құрмет грамотасымен»:
Әйелдер форумына еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған іскер нәзік жандылар атынан өнер көрсеткен академия тәрбиленушілеріне ықылас – себеті табысталып, кеш естелік фотоға түсу рәсімімен тәмәмдалды.
Өз кезегімізде осы білім ордасында мәдениет пен өнер саласында аянбай қызмет етіп жүрген барша әріптестерімізді құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз.