Сайт бойынша іздеу
Академияда «Зерделі ұлт» кітап көрмесі ұйымдастырылды

Академия кітапханашылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Зерделі ұлт» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітап көрмесі Академияның 3-қабатындағы холда орналастырылып, оқырмандар назарына оқуға ұсынылатын таңдаулы кітаптар ұсынылды. Көрмеден көркем әдебиетпен қатар, танымдық және рухани-мәдени мазмұндағы шығармаларды кездестіруге болады.

«Зерделі ұлт» көрмесінің негізгі мақсаты – білім алушылар мен оқытушыларды кітап оқуға ынталандыру, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және оқырман мәдениетін қалыптастыру.

Кітап – білім мен рухани дамудың қайнар көзі. Кітап оқитын ұрпақ – ойы озық, дүниетанымы кең, зерделі ұлттың негізі.

Баршаңызды көрмеге келіп, ұсынылған әдебиеттермен танысуға және кітап оқуға шақырамыз!

«Кітап оқитын ұлт» жобасының ресми cайты: https://reading-nation.kz/