Сайт бойынша іздеу
Академияда біліктілікті арттыру курстары өтуде

2025 жылдың 22 қарашасынан бастап Қазақ ұлттық хореография академиясында орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Халықтық-сахналық биді оқыту теориясы мен әдістемесі» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіліп жатыр. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары тізбесіне енгізілген, үйірмелер мен хореографиялық ансамбльдер жетекшілерінің, кәсіби және әуесқой ұжымдар, би студиялары оқытушыларының, қосымша көркем және кәсіптік білім беру мекемелері педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға арналған.

Бағдарламаның өзектілігі хореография мұғалімдерінің халықтық-сахналық билерді оқыту, орындау және үйрету әдістемесін жетілдіруге, қимылдарды үйлестіруді, музыкалық би мәнерлілігін дамытуға бағытталған кәсіби құзыреттіліктерін жаңарту қажеттілігімен анықталады.

Курс педагогтері:

  • Алишева Алила Турсумбаевна – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор, өнертану доценті, ТМД ПАА Кеңесінің «Мәдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісінің, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім министрлігінің «Ғылым мен білімге қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, мақалалар, кітаптар, оқу-әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде «Халықтық-сахналық би режиссурасының негіздері» оқу құралы.
  • Абдулина Назира Сарсебаевна – Қазақстан Республикасының Білім саласының құрметті қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасының иегері, халықтық-сахналық би бойынша Типтік оқу бағдарламаларының авторы.
  • Дон Гульмира Сергеевна – Қазақстан Республикасының Білім саласының құрметті қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасының иегері, халықтық-сахналық би бойынша Типтік оқу бағдарламаларының авторы.
  • Сайфулллина Гульмира Набиулаевна – «Мәдениет саласының үздігі» медалінің иегері.

2025 жылдың 22 қарашасынан бастап Қазақ ұлттық хореография академиясында орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Шығыс биін оқыту теориясы мен әдістемесі» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілуде. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары тізбесіне енгізілген, үйірмелер мен хореографиялық ансамбльдер жетекшілерінің, кәсіби және әуесқой ұжымдар, би студиялары оқытушыларының, қосымша көркем және кәсіптік білім беру мекемелері педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған.

Бағдарламаның өзектілігі Шығыс халықтары (өзбек, ұйғыр, тәжік, иран, сирия, корей, қытай) билерінің оқыту әдістемесін жетілдіруге, қимылдарды үйлестіруді, музыкалық би мәнерлілігін дамытуға бағытталған кәсіби құзыреттіліктерін жаңарту қажеттілігімен анықталады.

Курс педагогі – Саитова Гульнара Юсуповна, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, профессор, «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2020» байқауының жеңімпазы, Өзбек ұлттық хореография академиясының құрметті профессоры, Шығыс халықтары билері бойынша 90-нан астам еңбектің, оның ішінде оқулықтар мен монографиялардың авторы. Курстардың географиясы өте кең – тыңдаушылар Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген: Ұлытау, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы, Қостанай, Ақмола облыстары, сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары.