Сайт бойынша іздеу
Академияда «Заң және тәртіп» тақырыбында дәріс өтті

16 қыркүйекте Академияның акт залында «Заң және тәртіп» тақырыбында құқықтық түсіндіру шарасы ретінде дәріс өтті.

Дәріс спикері – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілі С.Н. Шайхыстанова. Ол өз сөзінде еліміздегі құқық қорғау жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары, мемлекеттік билік институттарының өзара әрекеттестігі, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлі туралы кеңінен баяндады.

Сонымен қатар студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және білім беру мекемелерінің бұл бағыттағы маңызы туралы да сөз қозғалды.

Дәріс барысында студенттер спикерге түрлі құқықтық сұрақтарын қойып, белсенді диалог орнатты. Онлайн құқықбұзушылықтар, азаматтардың міндеттері мен құқықтық қорғаныс мәселелері талқыланды.

Іс-шара үлкен қызығушылық тудырды және Академиядағы құқықтық тәрбие жұмысының маңызды бөлігіне айналды. Студенттердің толық қатысуы бұл тақырыптың өзектілігін көрсетті.