Сайт бойынша іздеу
Академияда студенттерге арналған Халықтық Конституция құндылықтарын түсіндіру және насихаттау бойынша ашық дәріс өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясы базасында студенттерге арналған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған «Халықтық Конституция құндылықтарын түсіндіру және насихаттау бойынша зияткерлік-ағартушылық онкүндіктер» тақырыбында ашық дәріс өтті.

Дәріс ақпараттық-ағартушылық жұмысты жүргізуге, сондай-ақ білім алушылардың құқықтық сауаттылығын және азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

Кездесу барысында қатысушылар енгізілген түзетулердің негізгі ережелерін, олардың құқықтық және әлеуметтік маңызын талқылады.

Мұндай іс-шараларды Академия қабырғасында өткізу жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.