2025 жылғы 1 қазанда Қазақ ұлттық хореография академиясында ата-аналар комитеті өкілдерінің тамақтандыру қызметін ұйымдастыратын компанияның директоры Орынкүл Әмірғазинамен, медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог дәрігер Светлана Шайкеновамен, медициналық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Татьяна Латышевамен, сондай-ақ тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы Сағыныш Сұлтановамен кездесуі өтті.
Ата-аналар білім алушыларды тамақтанатын асхананы қарап шығып, тамақ дайындау блогының санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін, ас мәзірі мен тамақтану кестесінің сақталуын бағалады. Сонымен қатар, төрт апталық маусымдық мәзірмен танысып, дайын тағамдардың органолептикалық сапасын бағалауға қатысты.
Кездесу барысында дұрыс және теңгерімді тамақтану принциптері мен режимі, белгілі бір тағамдардың пайдасы, сондай-ақ салмақты реттеуге қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Бұл Академия үшін ерекше маңызды.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім министрлігі ЮНИСЕФ және ДДСҰ қолдауымен Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп әзірлеген бірыңғай ұлттық мектеп тамақтану стандарты енгізілді.
Жаңа стандарттағы негізгі өзгерістер:
Ата-аналардың пікірлері
3 «Б» сыныбының ата-аналары:
«Кеше, 1 қазан күні сағат 11:00-де біз Хореография академиясындағы бракераж комиссиясы құрамында болдық. Мәзірде түрікше жасалған жасымық сорпасы, французша дайындалған тауық еті, итмұрын тұнбасы және нан (ақ және қара) болды. Сондай-ақ көкөніс турамалары мен салаттар ұсынылды. Ас дәмді болды, жылы күйінде берілді, суып қалмаған. Үйдегі тағаммен салыстырғанда тұзы азырақ, бірақ бұл балалар үшін пайдалы. Барлық тағамдар санитарлық талаптарға сай, ұқыпты дайындалған. Бізге ұнағаны — балалар қалауы бойынша қосымша тағам ала алады, ал ұсынылған мәзір нақты сақталған. Жалпы, тамақтану жақсы әсер қалдырды — барлығы сапалы ұйымдастырылған, дәмді және балалардың денсаулығына деген қамқорлық сезіледі». Құрметпен, 3 «Б» сыныбының ата-аналары
1 «А» сыныбының ата-аналары:
«1 қазан күні сағат 11:00-де, 1А сыныбы атынан ата-аналар комитеті ретінде біз бракераж комиссиясының құрамында болдық. Бізге балалар таңғы, түскі және кешкі ас ішетін асхананы көрсетті. Асхана өте таза, ұқыпты. Кейін бізді тағам дайындалатын бөлімге алып барды, сонда шын мәнінде таңғалдық. Әр бөлме белгілі бір тағам дайындау процесіне арналған екен: нан кесуге, тұшпара жасауға, балық бөлуге, көкөніс турауға, жұмыртқа жууға арналған жеке бөлмелер бар. Барлығы тап-таза. Асхана қызметкерлері талапқа сай киінген – бас киім, қолғап барлығы бар. Жалпы, біз ерекше әсер алдық. Кейін бізге мәзір көрсетілді және тағамдарды татып көруге мүмкіндік берілді: бірінші, екінші тағам, салаттар мен итмұрын тұнбасы. Барлығы өте дәмді болды. Ал итмұрын – өмірімде алғаш рет сондай дәмді ішіп көрдім: тәтті емес, тұнбасыз, таза. Тағам жылы күйде берілді — ыстық емес, суық емес — балалар үшін ең қолайлы температурада. Тағамдар сүйіспеншілікпен дайындалғаны көрініп тұр. Балалар қосымша сұраса – береді. Ешқандай шектеу жоқ. Бұл қуантады. Балаларымыздың осындай қамқорлықпен тамақтанып жатқанына жүрегіміз қуанады».
Құрметпен, 1 «А» сыныбының ата-аналары
5 «В» сыныбының ата-анасы Майя Төлегенқызы:
«1 қазан күні 5 «В» сыныбы атынан Майя Төлегенқызы асханадағы бракераж комиссия отырысына қатысты. Ұйымдастыру мен санитарлық жағдайға қатысты еш ескерту жоқ: асхана таза, барлығы жүйелі, бөгде иіс сезілмейді. Тамақтану санитарлық нормаларға сай, мектеп асханасы үшін жақсы деңгейде. Егер балалар тағамға шағымданса немесе бас тартса, бұл тағам сапасына емес, олардың жеке дәм талғамына байланысты болуы мүмкін. Бірақ асхананың фойесінде түрлі тәттілер мен бәліштер сатылатын буфеттің бар екені балалардың тәбетін басуы мүмкін. Қосымша ретінде айтарым — айлық мәзірді алдыңғы қатарда жариялап қойса, ата-аналар балалардың рационын алдын ала қарап, ескеріп отырар еді. Жалпы әсер жақсы: асханада қарапайым, дәмді тамақ беріледі».
4 «Б» сыныбының анасы Айгүл Фазылбаева:
«Мен Айгүл Фазылбаева, 4 «Б» сыныбының оқушысы Арафаттың анасымын. Кеше Медициналық орталық басшысы және Академияның диетологымен кездесу өтті. Бізге асхананы көрсетті, түскі ас мәзірімен таныстырып, тағамнан дәм татуға мүмкіндік берді. Асхананың жағдайы өте ұнады: кіреберістегі жуғыштар таза, залда тәртіп сақталған. Асхана меңгерушісінің әңгімесі қызықты болды — тағам өнімдерін сатып алу, дайындау және мәзірді құнарлылығы мен дәрумен мөлшеріне қарай жоспарлау жайлы толық ақпарат берді. Сорпа мен екінші тағам өте дәмді, сондай-ақ көкөніс турамалары мен жеңіл салат та ұнады. Асхана ұжымы өте мейірімді, балаларға деген ықыластары байқалып тұр. Сондай-ақ, тұшпараны қолдан жасайтын арнайы цех бар екені ұнады. Балаларымыздың қалай тамақтанып жатқанын өз көзімізбен көру – пайдалы әрі маңызды тәжірибе болды. Медициналық орталық басшысы да екпелер бойынша барлық сұрақтарға жауап берді. Асхана басшылығы айлық мәзірді жіберетінін уәде етті — бұл балалар белгілі бір күнгі тағамды жемесе, ата-аналарға баланың тамақтануын жоспарлауға көмектеседі. Жалпы, кездесудің форматы өте ұнады».
Басқа ата-аналар пікірі:
«Кеше бракераж комиссиясының жұмысына қатысу мүмкіндігі бұйырды, өз әсеріммен бөліскім келеді. Бізді медициналық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Татьяна Михайловна жылы қарсы алды. Ол білім алушыларды тамақтандыру талаптары мен ережелерімен егжей-тегжейлі таныстырды. Кіріспе бөлімнен кейін біз асханаға бардық. Асхана кең, жарық және жайлы екен. Үстелдер мұқият жабдықталған, балаларды қабылдауға толық дайын. Академия диетологы түскі мәзір қалай құрастырылатынын, тағамдардың калория мөлшері қалай есептелетінін кәсіби әрі түсінікті етіп түсіндірді. Оның кәсіби дайындығы мен ұқыптылығы ерекше әсер қалдырды. Академияда тамақтануға ерекше назар аударылатыны көрініп тұр. Біз өндірістік блокты да қарап шықтық. Асхана меңгерушісі бізге тағам дайындау барысын көрсетті. Әсіресе ас дайындау бөлімінің тазалығы мен тәртібі таңғалдырды — көпшіліктен жасырын бөлмелер де таза. Балық пен етті бөлу, салаттар дайындау, тұшпара түю үшін жеке аймақтар бар. Аспаздар тиянақты, ұйымшыл және сыпайы — әркім өз ісін жақсы көреді. Экскурсия соңында бізге түскі ас мәзірінен дәм татуға мүмкіндік берілді. Барлығы дәмді, құнарлы және әдемі ұсынылған. Ата-ана ретінде баламның тамағының сапасы мен теңгерімділігіне толық сенемін. Академия балалардың дәмді әрі пайдалы тамақпен қамтамасыз етілуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Бұл маңызды іспен кәсіби әрі жауапкершілікпен айналысып жүрген барлық қызметкерлерге алғысымды білдіремін».
4 «А» сыныбының анасы Райхан:
«Менің есімім Райхан, қызым Зере 4 «А» сыныбында оқиды. 1 қазан күні Хореография академиясының асханасында өткен бракераж шарасына қатыстым. Салаттардан, бірінші және екінші тағамнан, сусыннан дәм таттық. Дәмі де, сыртқы көрінісі де ұнады. Асханада кәсіби мамандар жұмыс істейтіні көрініп тұр. Мәзір диетологпен жасалып, медицина қызметкерімен келісілген. Біздің сыныптың ата-аналарының барлық сұрақтарына жауап алдым. Рахмет».
5 «Б» сыныбының ата-аналары:
«1 қазан күні сағат 11:00-де мен Хореография академиясындағы бракераждық комиссия құрамында болдым. Мәзірде түрікше жасалған жасымық сорпасы, французша дайындалған тауық еті, итмұрын тұнбасы және нан (ақ және қара) ұсынылды. Сондай-ақ көкөніс турамалары мен салаттар да болды. Ас дәмді болды, жылы күйінде берілді, суып қалмаған. Барлық тағамдар санитарлық нормаларға сай, ұқыпты дайындалған. Маған ұнағаны — балалар қалауы бойынша қосымша тағам ала алады, ал ұсынылған тағамдар мәзірге толық сәйкес келді. Жалпы алғанда, тамақтану жақсы әсер қалдырды — барлығы сапалы ұйымдастырылған, дәмді әрі балалардың денсаулығына деген қамқорлықпен ұсынылған. Асхана қызметкерлері де сыпайы, ұқыпты киінген, бәрінде арнайы бас киім мен форма бар — бұл да маңызды».
Құрметпен, 5 «Б» сыныбының ата-аналары