2025 жылғы 17 желтоқсанда Оқу театрының сахнасында Қазақ ұлттық хореография академиясының дәстүрлі «Жұлдыздармен би» жобасы өтті.
Бұл – жыл сайын асыға күтілетін ең маңызды шаралардың бірі. Мұнда хореография факультеті мен өнер факультетінің білім алушылары спорттық бал билері жанрында өз шеберліктерін көрсетті.
Екі апта бойы «Спорттық бал биінің педагогі» білім беру бағдарламасының студенттері «Арт-менеджмент» бағыты бойынша білім алушылармен қарқынды дайындық жүргізді: оларды спорттық бал хореографиясының техникасымен және стилімен таныстырып, би қойылымдарын дайындап, қатысушылардың өзін жаңа қырынан ашуына көмектесті.
Бүгінгі концертте қатысушылар көрермендерге бірлескен шығармашылық жұмыстың нәтижесін – тангодан ча-ча-чаға дейінгі жарқын, әсерлі және кәсіби деңгейде орындалған билерді ұсынды.
Байқау номинациялары төмендегідей бөлінді:
Ең жарқын жұлдызды жұп – Әлем Мұсаифов пен Алина Базарбаева (Сальса) Көркем харизмасы, сахналық тартымдылығы және көрерменмен байланысы үшін.
Жобаның үздік дуэті – Глеб Борисов пен Шұғыла Игілік (Вена вальсі) Серіктестік қарым-қатынас, сенім және нөмірдің тұтастығы үшін.
Жобаның жаңалығы – Карина Ким мен Данияр Мұнайдар (Ча-ча-ча) Қатысушының/жұптың айқын өсуі мен күтпеген нәтижесі үшін.
Үздік хореографиялық интерпретация – Артем Ильичев пен Наргиза Айтқажанова (Квикстеп) Идеяның ерекшелігі, бейнелілігі және бидің көркемдік шешімі үшін.
Ең көркем нөмір – Мұхаммеджан Құмарбекұлы мен Әдемі Марат (Баяу вальс) Актерлік шеберлігі, эмоциялық жеткізуі және драматургиясы үшін.
Жүлделі орындар:
Аталған жоба факультеттер арасындағы шығармашылық байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және студенттердің жаңа кәсіби дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.