Сайт бойынша іздеу
Академияда Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясының Оқу театрында Республика күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Академияның білім алушылары өздерінің асқан таланты мен шебер өнерінің арқасында залды шабытқа бөлеп, ұлы елдің бай тарихына жан бітіргендей әсер қалдырды.

Бұл мереке – күнтізбедегі қарапайым дата емес, туған Қазақстанымыздың күші мен қайратының символы.

Концерт бағдарламасына қазақтың ұлттық биі, Л. Делибаның, И. Бахтың, В. Шпильманның классикалық хореография нөмірлері, Э. Пресли әндерінің латина жанрындағы попурриі, сондай-ақ «Атамекен» және «Туған жер» вокалдық шығармалары енгізілді.

Сонымен қатар, Республика күніне орай Академия қызметкерлері жоғары кәсіби жетістіктері үшін марапатталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен министр Саясат Нұрбектің атынан хореография факультетінің деканы Тұрғынбаева А.Н. және өнер факультетінің деканы Досжан Р.К. марапатталды.

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды!

Алдағы уақытта жаңа табыстар, биік жетістіктер және өнерге адал қызметте шексіз шабыт тілейміз!