Сайт бойынша іздеу
Академияда Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясында еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиында Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нусипжанова сөз сөйлеп, жиналған қауымды құттықтады: «25 қазан – еліміз үшін, халқымыз үшін тарихи күн. 1990 жылы дәл осы күні еліміздің Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл еліміздің аңсаған Тәуелсіздікке бірінші, әрі басты қадамы болған болатын. Міне, осы күн халқымыздың азаттық жолындағы асқақ арманы мен болашаққа деген үмітінің символына айналды. Сондықтан осы күн бәріміз үшін ерекше», - деді ол.

Мерекелік концерттік бағдарлама аясында көрермендерге бай хореографиялық және музыкалық нөмірлер ұсынылды. Академия білім алушылары «Нәзік», «Ақбөбек», «Где я» авторлық қойылымын, «Алтынай», «Лан Цзюань Инь», «Сезім толқыны» билерін, «Тоқым қағар» дуэтін, «Ormaggio» балдық композициясын және «Әшекей» биін орындады.

Бұдан бөлек, өнер факультетінің студенттері «Адай» күйін шебер орындап, «Туған жер» әнін шырқады.

Салтанатты іс-шара қатысушылар мен қонақтарға жарқын әсер сыйлап, елдік пен бірліктің, мемлекет тарихына деген құрметтің айқын көрінісі болды.