2026 жылғы 28 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясы «Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында өтетін жалпықалалық сенбіліктің кезекті кезеңіне қатысты.
Іс-шараға Академияның студенттері мен қызметкерлері – шамамен 100 адам қатысты. Қатысушылар Академияға іргелес аумақты абаттандыру және тазалау жұмыстарын жүргізіп, елордадағы тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосты.
«Таза Қазақстан» тек қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға және азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.