Сайт бойынша іздеу
Академияда «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясында ұстаздардың тәжірибесі мен студенттердің шабытын бір сахнада тоғыстырған дәстүрлі «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы өтті. Бұл жарқын шара тәлімгерлік пен жастық шақ үйлесімді шығармашылық дуэттерде тоғысқан, ұрпақтар сабақтастығының шынайы мерекесіне айналды.

Байқау бағдарламасы қатысушылардың жоғары артистизмін, қойылымдардың ерекшелігін және сахналық үйлесімділігін көрсетті. Конкурсанттардың өнерін құрамында төмендегі сарапшылар бар білікті қазылар алқасы бағалады:

  • Анвара Садыкова (қазылар алқасының төрағасы) – өнертану кандидаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері, Академияның аға оқытушысы;
  • Евгений Моисеев – Хореография факультеті деканының орынбасары, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің және ТМД ПАА «Мәдениет пен өнерді дамытудағы еңбегі үшін» құрмет белгісінің иегері;
  • Асқар Мирзаев – өнертану ғылымдарының магистрі, ARGYMAQ бренд-менеджері.

Кештің мерекелік атмосферасын шақырылған қонақтар - «Самғау» триосы мен әнші Дастан Есімханұлының өнер көрсетуі де қолдай түсті.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

  • Гран-при: Алмат Шамшиев және Аңсаған Нури
  • 1-орын: Балабек Сақтағанов және Нұрзада Әбдімалікова
  • 2-орын: Екатерина Дрягина және Айдана Батталова
  • 3-орын: Бауыржан Бекмұханбетов және Талғар Жеңісханұлы

«Екі жұлдыз» байқауы өзара қолдау, құрмет пен шығармашылыққа деген сүйіспеншілік Академияның маңызды әрі өзгермейтін дәстүрлері болып қала беретінін тағы бір мәрте дәлелдеді.