Сайт бойынша іздеу
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум қарсаңында Қазақ ұлттық хореография академиясында түсіндіру кездесуі өтті

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алдағы республикалық референдум қарсаңында Қазақ ұлттық хореография академиясында түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара ақпараттық-ағартушылық жұмыс аясында ұйымдастырылып, Академия білім алушылары мен қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.

Кездесуге спикер ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары — Казанцев Павел Олегович және Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы, сондай-ақ мәслихат депутаты Тажимуратов Габит Калиевич қатысты.

Шақырылған сарапшылар қатарында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Хангельдина Сұңқар Қосманапқызы сөз сөйледі. Өз сөзінде ол ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің әлеуметтік және демографиялық қырларына тоқталып, олардың отбасы институтын нығайту, ана мен баланы қорғау және әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету жолындағы маңызын атап өтті.

Сондай-ақ кездесуге саясаттанушы Айгерим Серикжанова және Есіл ауданы штабының төрағасы Жусупова Санира Орынтаевна қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілуі жоспарланған түзетулердің негізгі ережелерін, олардың құқықтық және әлеуметтік маңызын талқылап, спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Азаматтық белсенділік, жауапкершілік және референдумға саналы түрде қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Академия қабырғасында осындай кездесулердің өткізілуі жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті дамытуға және мемлекеттік билік өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен білім беру ұйымдары арасындағы диалогты нығайтуға ықпал етеді.