Сайт бойынша іздеу
V Ұлттық Құрылтай

Бүгін Қызылорда қаласында елдің стратегиялық даму бағыттарын талқылауға арналған негізгі қоғамдық-саяси алаң – V Ұлттық Құрылтай өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жиын барысында әлеуметтік-мәдени даму, ғылым, білім, экономика және мемлекеттік саясатқа қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Академия ұжымы Мемлекет басшысының кино мен өнердің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы маңыздылығына, сондай-ақ жастарды мәдени сала мен креативті индустрияларға белсенді тарту қажеттігіне берген ерекше көңілін зор ынтамен қабылдады.

Қазақ ұлттық хореография академиясында «Креативті арт-индустрия» мамандығы табысты жұмыс істейді, бұл Президенттің белгілеген курсына толық сәйкес келетін таңдалған бағыттың өзектілігі мен дұрыс екендігін дәлелдейді.

Академия ұжымы жүргізіліп жатқан реформаларды қолдап, Қазақстанның креативті әлеуетін дамытуға өз үлесін қосуға дайын екендігін білдіреді.