Сайт бойынша іздеу
Ғылыми жоба аясында “Креативті экономика” оқу құралы жарық көрді

«Өнертану және арт-менеджмент» кафедрасының оқытушылары А.С.Кулмаганбетова, Ж.А.Бабажанова және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Ж.Б.Рахметулина бірлесіп дайындаған «Креативті экономика» атты оқу құралы мемлекеттік тілде жарық көрді. Оқу құралы ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ғылыми жоба аясында дайындалды.

Мұндай оқу құралын басып шығару менеджмент және экономика саласында жоғары кәсіби мамандарды даярлау сапасын арттырудың, заманауи және тиімді білім беру ортасын құрудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Ол халықаралық тәжірибеде де, Қазақстанда да креативті экономиканы дамытудың қазіргі тенденцияларына сәйкес келеді. Оқу құралы «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған, сонымен қатар креативті индустрияны зерттейтін басқа да мамандықтардың студенттеріне, оқытушыларға және мамандарға қызықты болуы мүмкін.