Сайт бойынша іздеу
«Ветерок» ансамблі Академияда экскурсияда болды

2026 жылғы 8 мамырда Қазақ ұлттық хореография академиясының базасында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Балқаш қаласының «Ветерок» үлгілі хореографиялық ансамблінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Сапар барысында қонақтар Академияның оқу-материалдық базасымен, білім алу жағдайларымен және мамандар даярлаудың негізгі бағыттарымен танысты. Қатысушылар үшін болашақ мамандықты таңдау туралы түсініктерін кеңейтуге, сондай-ақ Академия қабырғасында сапалы білім алу мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталған арнайы бағдарлама ұйымдастырылды.

Экскурсия жылы әрі достық атмосферада өтіп, ансамбль тәрбиеленушілеріне Академиядағы кәсіби және тұлғалық даму перспективалары туралы пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді.