Сайт бойынша іздеу
“Science Slam – үздік постерлік баяндама” виртуалды конкурсы

«SCIENCE SLAM – ҮЗДІК ПОСТЕРЛІК БАЯНДАМА» ВИРТУАЛДЫ КОНКУРСЫ Ғылым апталығын өткізу аясында 2020 жылдың 13 сәуірінде сағат 16.00 – де “ZOOM” платформасында “6М040900 – Хореография”, “6М040600 – Режиссура” мамандықтарының 2 курс магистранттары арасында “Science slam-үздік постерлік баяндама”виртуалды конкурсы өтеді. Science Slam форматы-2010 жылы неміс Грегор Бьюнинг ойлап тапқан ғылымды танымал ету жобасы. Постерлік баяндама ғылыми-зерттеу қызметінің инновациялық жетістіктерін көрсетуге бағытталған.

Виртуалды байқаудың сараптау комиссиясының құрамы “SCIENCE SLAM – ҮЗДІК ПОСТЕРЛІК БАЯНДАМА»

Модератор:

Кензикеев Р. В.-режиссура кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD).

Қазылар алқасының төрайымы:

Ізім Т. О.-өнертану кандидаты, режиссура кафедрасының профессоры.

Қазылар алқасының мүшелері:

Кульбекова А. К.-педагогика ғылымдарының докторы, педагогика кафедрасының профессоры;

Саитова Г. Ю.-өнертану кандидаты, режиссура кафедрасының профессоры;

Досжан Р. К.-өнер факультетінің деканы, философия докторы (PhD).

Мусина Ф. Б.-өнертану және арт-менеджмент кафедрасының аға оқытушысы;

Джумасеитова Г. Т.-өнертану және арт-менеджмент кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты;

Хатшы:

Бәкірова С. Ә. – «8D02103-Хореография педагогикасы» мамандығының 1 курс докторанты.