Сайт бойынша іздеу
Білім беру процесіне жасанды интеллектті енгізу

Академияда Astana IT University-мен ынтымақтастық аясында білім беру процесінде жасанды интеллектті қолдану мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды. Алғашқы семинар Astana IT University базасында өтті, оған факультеттердің профессор-оқытушылар құрамы мен Академияның академиялық қызметкерлері қатысты.

Семинар жұмысына арнайы шақырылған қонақ — PhD докторы, Astana IT University аға оқытушысы Мукушев Медет Куатович қатысып, білім беру саласындағы жасанды интеллектті қолданудың заманауи үрдістерімен бөлісті.

Бүгін, 22 қазан күні, семинардың екінші бөлігі өтті. Онда оқу процесін ұйымдастыруда жасанды интеллектті қолдану, білім беру бағдарламаларын цифрландыру және интеллектуалды технологияларды оқыту тәжірибесіне енгізу мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, оның практикалық бағыттылығын және ұсынылған материалдардың өзектілігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Astana IT University-мен бірлескен білім беру бастамаларын дамыту және әрі қарай ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге қол жеткізілді.