Ақтөбеде «The Planet оf ART-2022» халықаралық фестивалі өтті. Фестиваль Қазақстандағы Балалар жылы аясында өткізіледі және ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының 75 жылдығына орайластырылған.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әртүрлі мемлекеттерден үш мыңнан астам дарынды балалар жіберді. Байқауға қатысушылардың өнері үш номинация бойынша бағаланды: вокал, хореография және музыкалық аспаптарда ойнау. Финалға барлық үш номинация бойынша 6 елден 39 қатысушы өтті. Олардың арасында Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушысы Алима Алиханова бар.
Финалистер фестивальдің гала-концертінде өз шеберліктерін көрсетті. Алима Алиханова Сұлтанбек Ғұмардың Оpen Eyes қойылымымен өнер көрсетті.
The Planet of ART – ЮНЕСКО аясында өтетін жыл сайынғы фестиваль. Фестивальге әлемнің түрлі елдерінен мыңдаған дарынды балалар қатысады.